11 наурызда Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі болады

11 наурызда Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде Солтүстік Атлантикалық альянсқа ресми түрде қосылады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Швед баспасөзінің хабарлауынша, 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі (Бельгия) штаб-пәтерінде Швецияның альянсқа қабылдауының ресми рәсімі өтеді.

НАТО штаб-пәтерінде Швеция туы көтеріледі. Осылайша, Швеция альянстың 32-ші мүшесі болады.

Венгрияның Ұлттық жиналысында 26 ақпанда бұл елдің НАТО-ға кіруі мақұлданды.

Швеция НАТО-ға кіруге 2022 жылдың 18 мамырында өтініш берген болатын.