Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Оңтүстік циклон әсерінен барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

"Жаңбыр, күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда — 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градус цельсийге дейін шамалы көтеріледі", — дейді метеорологтар.

Сурет: Tengrinews.kz / Турар Казангапов