Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамында хабарлады.
"Инфляция қарқыны, соның ішінде жолаушылар тасымалының өзіндік құнын қалыптастыратын тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі субсидиялар мен тарифтердің өсу қарқынынан едәуір асып түседі", — деп түсіндірді компания.
Енді билет бағасы келесідей болмақ:
- "Тальго" пойыздарына 19 493 теңге;
- стандартты пойыздардағы купе 19 653 теңге;
- плацкарт — 12 871 теңге;
- Қала маңындағы пойыздарға билет құны 6 314 теңге.
Бұл ретте, кондиционерлері жоқ вагондарға 20% жеңілдік қарастырылғанын айта кеткен жөн.
Сурет: ашық дереккөздерден