Семейде үш қабатты монша қызыл жалынға оранды

Өрт сөндірушілер 32 жасар әйелді құтқарды.

Бүгін түскі сағат бір шамасында, 112 пультіне қаладағы монша жанып жатқаны жайлы ақпарат түсті.

ТЖМ ақпараты бойынша, оқиға орнында, өрт қазандықтың үй-жайында екінші қабатқа және жақын тұрған бір қабатты дүкеннің шатырына өрттің таралуымен болғаны анықталды.

Құтқарушылар оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс істеп, сағат 14:15 шамасында өрт оқшауланды.

Қызыл жалын шамамен 15 минуттан кейін 132 ш.м. жалпы алаңда толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 1992 жылы туған әйел адамды құтқарды. Зардап шеккендер жоқ.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі