Бүгін, 1 ақпанда «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы бойынша кішкентай тұрғындар алғашқы төлем алды. Ол былтырғы ақша.
Балалардың бәріне бірдей 100 доллар және 52 цент беріледі.
Бұл сома жылда өзгеріп отырады, оның көлеміне Ұлттық қор активтерінің өсімі және инвестициялық табыс әсер етеді.
Ұлттық қор берген мәлімет бойынша 2006 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылдың 31 желтоқсаны аралығында дүниеге келген 6.9 млн бала ақшалы болды.
2024 жылы туған балалар келер жылы алады.
Баланың шотына ақша түскенін kids.enpf.kz арнайы платформасы арқылы анықтауға болады.
Ол үшін тек баланың ЖСН-і керек.
Төлем туралы деректі кез келген ата-ана eGov.kz-тегі жеке кабинеті арқылы да біле алады.
2024 жылы кәмелетке толатын балалардың жинақ шотына ақша түсіп қойды. Ол БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған.
18-ге толған баланың шотындағы ақшаны тексеру тәсілдері:
Қаражатты кәмелетке толғанда пайдаға жаратуға мүмкіндік бар.
Жинақ шотындағы сома кәмелетке толған азаматқа ғана беріледі.
Мақсаты екеу — оқу ақысын төлеу және баспана сатып алу.
Ұлттық қор бөлген ақшаны мына мақсаттарда жұмсауға болады:
Кәмелетке толған азамат онлайн-өтінім беруі керек
Ол үшін уәкілетті оператордың (Отбасы банк, тоғыз коммерциялық банк және «Қазпошта» АҚ) сайтына кіресіз.
Содан соң оператор БЖЗҚ-ға өтінімді тіркеу туралы хабарлама жібереді. БЖЗҚ бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған шотқа ақша аударуға тиіс..
Ұлттық қордан ақша алатындардың тізімі «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасындағы ресми мәлімет негізінде жасалады.
Бала қандай да бір себеппен тізімге енбей қалса, ата-анасы eGov.kz-тегі жеке кабинеті арқылы түзету енгізуге тиіс.
Нұсқаулық мына жерде.
Одан бөлек мынадай жағдайларда ақша түспеуі мүмкін:
1. Жеке басын растайтын куәлігі, ЖСН-і жоқ (ХҚКО-ға жүгіну қажет).
2 . Азаматтығы жоқ немесе дұрыс көрсетілмеген (тұрғылықты жеріндегі көші-қон қызметіне жүгінуі керек).
Түзету енген соң Ұлттық қор арнайы шотқа төлем жасалмаған мерзімде түсуге тиіс болған ақшаны келер жылы толығымен аударады.