Семейде 100-ден астам көше тақтайшасы қате жазылған

Семейде көше тақтайшасына Сейфуллиннің аты-жөнін қате жазған.

Бұл көшедегі жүзден астам тақтайша қайта жаңартылған. Бірақ бәрінде қоғам қайраткерінің тегі қате жазылған. Сондықтан жауаптылар олқылықты дереу жоюға уәде берді. Айтуларынша, қателік байқаусызда болған. Сондықтан мердігер мекеме есебінен сауатсыз жазылған тақтайшаларды түгел ауыстырамыз дейді әкімдіктегілер.

— Жіберілген қатені түзеп, Сейфуллин көшесіне қайтадан тақтайша ілеміз. Конкурс ұтып алған мердігер ұйым қалпына келтіреді, — деді Семей ТКШ бөлімінің маманы Қанатжан Жылқыбаева.

Сурет: ашық дереккөздерден