Қазақстанда суды заңсыз пайдаланғандарға қатысты жаза күшейтілмек. Су ресурстары және ирригация министрлігінде LS-ке жаңа мәліметтер айтылды.
Министрліктің ұсынған ақпаратына сәйкес, судың көлеңкелі нарығы суды арнайы пайдалануға рұқсатсыз алған жағдайда қалыптасады.
2023 жылдың тоғыз айында осы бұзушылық үшін 3,3 млн теңгеге 35 айыппұл салынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 468 мың теңгеге жеті есе көп.
Министрлікте судың көлеңкелі нарығынан келген нақты залалды анықтау мүмкін еместігін атап өтті. Себебі есеп арнайы өлшеу аспаптарынсыз жүзеге асырылады.
"Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы қолданыстағы мемлекеттік бақылау жүйесі мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін), оларды жүргізу уақытын, субъектінің (объектінің) орналасқан жерін алдын ала анықтауға, яғни су қорын пайдалану және қорғау саласында жедел тексерулер жүргізуге мүмкіндік бермейді", — деп түсіндірді министрлікте.
Осыған байланысты министрлікте кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізуді қарастыруда. Түзетулер су объектілері мен су қорғау белдеулерінде суды заңсыз пайдалану және заңсыз жұмыстар кезінде мемлекеттік бақылау және қадағалау ережелерін қолданбауға қатысты болмақ.
Бұған дейін, экология экс-министрі Зульфия Сүлейменова қазақстандық судың көлеңкелі нарығы миллиардтаған сомаға бағаланатынын айтқан болатын.