Бүгінде әлеуметтік орталықтың 12 тәрбиеленушісінің жалпы жағдайы жақсарды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде орталықтың 12 тәрбиеленушісінің жалпы жағдайы жақсарып, әлеуметтік мекемеге оралды.
"Барлық бала орталық дәрігерлерінің бақылауында", — делінген департамент хабарламасында.
Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланды. Барлығы 14 адам ауруханаға жеткізілді. Бір бала қайтыс болды. Тағы алтауы жансақтау бөліміне жатқызылды.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 30 шілдеде орталықта екі бала өзін нашар сезінген: олар құсып, іші өткен.
Балалардың жаппай улануы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол облыстың арнайы прокурорлар департаментіне берілді.
Сурет: primeminister.kz