Тамара Асардың Райм мен Ерке Есмаханның сәбилі болуына байланысты айтқан тілегі елдің сынына қалды. |
Ол бұл туралы желідегі парақшасында бөліскен деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Ағысқа қарсы жүзген екі ғашық. Бүгінде жатыр екен, уылдырық шашып, Еркені туған күнмен құттықтайық, шын ниетпен қуанып, көңіл тасып. Құрметті, Райым, Ерке, кішкентайлы болуларыңызбен құттықтаймын. Сіздер үйленгенде, «Ағысқа қарсы жүзген бағыттарыңыз бақытқа толы болсын» деп едім. Тола берсін! Еркеш, туған күнің құтты болсын» деп жазды Тамара Асар.
Әлеуметтік желі қолданушылары «Басқа адам бұл тілекті жазса, тұрпайы дер едім», "Масқара", «Бүгінде жатыр екен ұрпақ сүйіп десеңіз, дұрыс болады», «Қазақтың мағына сөзі ғой», «Бастысы, ұйқас келсе болды ғой» деген сынды пікірлерін жазып жатыр.