Мереке күндері Алматыда қоғамдық көліктер қалай жүретіні белгілі болды

Жыл сайын жаңа жылдық мереке күндері Алматы қаласында жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2022-2023 жж. жаңа жылдық демалыс күндері Көлік холдингінің мәліметінше, жолаушылар ағыны күніне 300 мың адамды құрады, ал жұмыс күндері бұл көрсеткіш 1,5 млн адамға жетеді.


Алдағы мереке күндері Алматыда қоғамдық көлік келесі кесте бойынша жұмыс істейтін болады:
• 2023 жылғы 30 және 31 Желтоқсанда және 2024 жылғы 2 қаңтарда – штаттық режимде сағат 23:00-ге дейін, желіде жылжымалы құрамның 80% — ы жүретін болады;
• 2024 жылғы 1 қаңтарда жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі күтілуде, осыған байланысты автобустардың 50% желіге шығарылатын болады.

«Медеуге» дейін жүретін №12 маршрут жылжымалы құрамның 20 бірлігі желіге шыға отырып, демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 23:30-ға дейін штаттық режимде жұмыс істейтін болады. №3 түнгі маршруттың жұмысы өзгеріссіз қалады.

Алматы метрополитені демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс жасайтын болады, қозғалыс аралығы 12 минутқа дейін.