Алматыда бүгінгі күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін 8 мұзайдын жұмыс істеп тұр. Тағы 4-уі қаңтар айында іске қосылады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Күннің жылы болуына байланысты мұздың дайын болуына қарай мұзайдындары ашылатын болады. Кіру тегін. Конькиді сол жерден жалға алуға болады, жалға алу құны 1000 теңге (2 сағат). Өз конькиіңізбен сырғанау толығымен тегін болады», — делінеді хабарламада.
Конькилерді жалға беру пункттері жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындары тәулік бойы ашық болады.