«Отау» бағдарламасының іске қосылуына 10 күн қалды. Бағдарлама операторы жуырда ипотека шарттарын жария етті, бірақ оларға қатысты сұрақ көп. Krisha.kz банк мамандарымен бірге оқырманның сауалына жауап дайындады.
Ерекшеліктері:
1) Қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің атында үй болмауға тиіс.
2) Қатысушыларға балл береді. Ол неғұрлым көп болса, ипотека алу мүмкіндігі соғырлым жоғары.
3) Шарттары өзгеше. Тұрғын үй жинағы жүйесі бар.
9 пайыздық ипотека: Отбасы банк «Отау» бағдарламасын іске қосады
Отбасы банк ұсынған «Отау» ипотекасы: есеп мысалдары және ерекшеліктері
Иә, банк жылына бір рет өтінім қабылдайды.
Биылғы жоспары мынадай:
1) 1 наурыздан 30 сәуірге дейін өтінім қабылдайды,
2) мамырдың 1-і мен 14-і аралығында балл береді,
3) 15 мамырдан бастап үміткерлердің төлем қабілетін бағалайды,
4) төлем қабілетін растаған қатысушы алты ай ішінде үй алып, ипотека рәсімдеп үлгеруі керек.
Демек цикл жыл аяғында толық аяқталады. Бағдарлама 7 жыл жұмыс істейді. Сондықтан биыл жолыңыз болмаса, келесі жолы тағы бақ сынауға мүмкіндік бар.
Банк шарты бойынша 30 және 18 млн — қарыздың ең көп мөлшері. Бірақ мұнда да нюанс бар. Бұл бағдарламаны Отбасы банк тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жүзеге асырады. Яғни, азамат 100 % соманы қарызға алады, ал бастапқы жарна (20 %) біраз уақыт депозитте сақталады.
Сол себепті мәміле жасағанда үстінен тағы ақша қосу қажет болмаса, 30 және 18 млн бағаға қатысты лимит болады.
Егер қымбатырақ пәтер алғыңыз келсе, қалған ақшаны өз қалтаңыздан төлейсіз.
Астана не Алматыдан пәтер алатын тұрғын өзі сол шаһарда тіркелуге тиіс. Тұрақты ма, уақытша ма, маңызды емес. Тіркелгеніне 3 жылдан асқандарға басымдық беріледі, бірақ мерзіміне қарамастан өтініш беруге болады.
Ал басқа өңірлерде тіркелу міндетті емес.
Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында жаңа үй алуға ғана рұқсат беріледі.
Облыс орталықтары: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.
Қалған аймақтарда кез келген үйді алуға мүмкіндік бар.
Бірінші нарықтан пәтер алатындар тек Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында таңдау жасайды. Банк мамандары әр нысанның құнын қазіргі нарық бағасына сай белгілейтін болады. Нарыққа сәйкес келсе, 1 шаршы метрінің бағасын бекітіп, құрылыс салушымен келісімге қол қояды.
Сіз таңдаған үй облыс орталығы не республикалық маңызы бар қалада орналаспаса, болады.
Отбасы банктен депозит алу/сату мүмкін емес.
Тек мына тізімдегі туыстардың біріне бере аласыз:
Отбасы банк мобильді қосымшасы арқылы жақын туыстар (әйелі/күйеуі, ата-анасы, балалары, асырап алушы, асырап алынушы, туған бауырлар) арасында депозит беру мүмкіндігі бар. Басқа туысыңыздың атына аудару қажет боса, бөлімшеге барасыз.
Мысалы, салымшы депозитін келіншегінің бауырына бере алады. Ол үшін неке туралы куәлік, туу туралы куәлік, тегі ауысқанын растайтын құжат керек. Фамилиясы мен әкесінің аты бірдей болса, операция жеке куәлік арқылы жасалады.
1) депозиттегі ақшаға берілетін сыйақы көлемі үшін — әр мың теңгеге 5 балл.
2) жинақ мерзімі үшін — депозит ашқаннан кейінгі әр жылға 5 балл;
3) некеде болса — 10 балл;
4) бала үшін — саны қанша болса да, 50 балл.
Балл саны бірдей болса, депозитте ақшасы көп және оны ерте ашқан адамға басымдық беріледі.
Жоқ. Қосымша балл неке мен балаға беріледі. Кезекте тұрудың бұл бағдарлама үшін еш маңызы жоқ.
Өтініш берушінің де, оның отбасы мүшелерінің де атында соңғы бес жылда үй болмауға тиіс. Олардың бірінің сыйға алған пәтері болса, бағдарламаға қатыса алмайды.
Жоқ. Кез келген жылжымайтын мүлік (пәтер, үй, жер телімі, пәтер не үйдегі үлес) баспана саналады.
Иә.
Иә, болады. Алдын ала қарыз 8 жылға беріледі, сол уақыт аралығында кредиттің белгілі бір сомасы баспана құнының 50 %-ы жиналғанша депозитке кетеді. Депозиттің ашылғанына 3 жылдан асып, 50 % жиналса және бағалау көрсеткіші 16-ға жетсе, қарызды алдын ала жабуға рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда алдын ала қарыздан ерте құтылып, 4%-дық тұрғын үй қарызына өтуге мүмкіндік болады.
Иә, соңғы жылда несие тарихы жақсы болғаны жөн. Төлем қабілетін тексергенде банк кредит бар-жоғын есепке алатынын да ұмытпаңыз. Шығын неғұрлым көп болса, банк сізге беруге келісетін сома соғұрлым азаяды.
Зейнетақы қорына ақша аудару маңызды, соңғы жарты жылда ай сайын түсіп тұруы керек. Әйтпесе банк кредит беруден бас тартуы ықтимал.
«Отау» арқылы жер телімін алуға мүмкіндік жоқ.
Үй алуға болады, бірақ Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскеменнен басқа жерден үй іздейсіз.
Яғни, облыс пен шағын қалалардан қарауға болады.
Мәселен, Алматы мен Астанада тек бірінші нарықтан пәтер қарауға рұқсат, ал облыстарда кез келген баспананы алуға мүмкіндік бар.
Өкінішке қарай, қатыса алмайды. Өйткені үміткер төлем қабілетін растауға тиіс. Ол үшін ресми табысы мен алты айда зейнетақы қорына түскен ақша қаралады. Сондықтан жұмысқа шыққан соң өтінім беріңіз, не болмаса депозитті күйеуіңізге беріңіз.
Ересек балаларыңыздың атында үй болмаса және депозит ашқанына 18 айдан асып, 1 млн теңге жинаса, қатысуға құқылы.
Бағдарлама дәл сондай азаматтарға арналған, оның мақсаты — жастардың баспаналы болуына көмек беру.
Мына жерде сұрақ қоюға болады