Қазақстанда қант өндірісі айтарлықтай төмендеді. |
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында 9,3 мың тонна қант өндірілген. Шілдемен салыстырғанда бұл 46,7%-ға немесе 8,1 мың тоннаға аз, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ал 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда өндіріс 79,1% немесе 35,2 мың тоннаға құлдыраған.
Бірінші кредиитік бюро сарапшыларының пікірінше, бұл маусымдық құлдырау болуы мүмкін.
Десе де, елімізге қант импорты өсуде. Жеті айдың қорытындысы бойынша оның көлемі 322,6 мың тоннаны (+18,7% немесе 50,8 мың тонна) құрады. Әсіресе, Ресей қант тасымалын үш есеге жуық, 180,5 мың тоннаға дейін арттырды. Ал Бразилия импорты 7,2%-ға, 131 мың тоннаға дейін төмендеді.