Белгілі әнші Сиви Махмуди басынан өткен ауыр жағдаймен бөлісті. |
Ол бұл туралы журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтқан, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Ота жасаттым. Мұрынға қатысты ішкі мәселелері болатын. Ота жасатып болғаннан кейін 1 ай өткен соң жол апатына түстім. Соғысқан кезде адамдар есігін аша алмай жатыр. Мұрнымнан литрлап қан кетіп жатыр. Сол кездегі қорқынышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мида "Мұрынды абайла" деген тұр. Отадан кейін төсекке жатқанда да мұрнымды байқап жүрген едім. Жол апатына түскенде дәл мұрныма тиді. Мұрным түсіп қалды. Қасымда досым болды. "Мазам қашып кетті" дейді. Жазым шығар. Әйтеуір соғысқан жерімізде жанармай бекеті болды. Сол жердегі адамдар көмектесті. Ауруханаға барғанымызда "Мұрныңыз сынған" деді. Қайтадан Өзбекстанға барып, ота жасаттым", — дейді ол.
Айта өтейік, өнер иесі бұдан бөлек пластикалық оталардың көмегіне жиі жүгініп тұрады. Ол қабағына, төсіне жасалған оталары туралы көпшілікпен бөліскен болатын.