Абай облысында күнбағыс арасында қарасора бұталары анықталды

Қарасора бұталары есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері тапты.

"Бұталар дронмен жергілікті аумаққа мониторинг жүргізу кезінде анықталды. Жабайы қарасора ошағы жойылды, өсімдіктердің 1200 бұтасы өртенді. Бұл 800 кг-нан астам есірткі", делінген хабарламада.


Полицейлер құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру үшін Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын ескертеді.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі