Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан шетелдік азаматтар ажал құшты. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
29 қазанда Самара – Шымкент автожолының 606-шақырымында Kia Rio автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы Батыс Қазақстан облысы жағынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына қарай келе жатқан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматының басқаруындағы Chevrolet Captiva автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан екі жүргізуші және Chevrolet Captiva жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Сондай-ақ екі көлік құралының екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен Қобда аудандық ауруханасына жатқызылған.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.