Күні кеше экс ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың 1992 жылғы жас әйелі Cалтанат Нүкенованың қатты соққыдан қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады. . |
Бүгінде марқұм келіншек жайлы көпшілік біле бермейтін тың дерек тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Белгілі болғандай Салтанат Нүкенова Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Нүкеновтың туған немере қарындасы болған көрінеді. Көпшілікті дүр сілкіндірген жаңалыққа желі қолданушылары әлі де сене алмай дал.
Кейбір дерек көздеріне қарағанда соққыға жыққан ер адам экс-министр Қуандық Бишімбаев көрінеді, деп жазды Patriot телеграмм арнасы.
Әйтседе құзырлы органдар ресми ақпарат таратпай отыр. Аталған мәліметтердің қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз.
"Не болды екен екеуінің арасында?", "Мейрамхананың бүкіл қызметкерлері сол уақытта қайда болған? Адамның өмірі ойыншық болды бәріне", "Текті жердің баласы еді, арақ немесе есірткі түбіне жетті деп ойлаймын" деп жазды желіде пікір білдіргендер.