"Қазгидромет" мамандары Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларының қонақтары мен тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертті.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа-райында мына әрекеттер ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында уақыт өткізуді қысқарту;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде дәрісін бірге алып жүруі керек;
- Ашық ауадағы физикалық белсенділікті шектеу керек. Дене шынықтыру мен спорт шаралары жабық спорт кешенінде жүргізілуі керек.
Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, екпінді жел соғады.
Сурет: Zakon.kz