Бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы Василий Жиров елге оралып, ұлттық спортқа қызмет етуге дайын екенін айтты. |
Бұл жаңалықпен спорт журналисі Аслан Каженов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ұлттық құраманы жаттықтырғысы келеді...
Василий Жиров күтпеген мәлімдеме жасады. Мұхиттың арғы жағында тұратын олимпиада чемпионы елге оралып, жігіттердің шеберлігін шыңдағысы келеді. «Қазақстан бокс мектебін мақтан тұтамын. Александр Апачинский, Әбдісалан Нұрмаханов, Феликс Цой сияқты бапкерлермен жұмыс істедім. Жоғары нәтижелерге қол жеткіздім. Қазір америкалық мамандармен де байланысым бар. Соңғы жылдары елге оралуды ойлап жүрмін. Егер ұсыныс түсіп жатса, әрине, қуана қабылдаймын, — деді Василий Жиров...", — деп жазды журналист.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанбаған сыңайлы.
"Керек емес, елді тастап кеткелі қай заман. Бір ауыз қазақшасы жоқ. Өзі фанатизм, діншілдерден арыла алмай жүргенде", "Он жылда бір осылай оянып тұрады", "Тек қазақша сөйлейтін болса", "Мықты чемпионнан мықты бапкер шықпайды", "Кейінгі жылдары Америкада немен айналысты", "Спортты орыс, ағылшын тілдерімен былғамайық", — деп жазды олар