Қазақстанда темекі қымбаттайды

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға жіберіледі.

Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Құжат бойынша, 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға: 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 820 теңге; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге болады.

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға жіберіледі.

Еске салайық, қазір Қазақстанда бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 770 теңге болады.

Сурет: depositphotos.com

Похожие материалы

Автогаз бағасының өсуі үш жылға созылады