Продюсер Нұртас Адамбай Ринат Зайытовқа видеоүндеу жолдап, депутатты "мылжың адамға" теңеді. |
Актёр видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен бұл видеоны Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Зайытовқа жолдағым келеді. Депутат Зайытов, сізден еліміздің азаматы ретінде сұхбатта айтқан "еліміздегі алаяқтық әрекеттердіәң 80% намаз оқитын адамдар жасайды" деген сөзіңізге нақты дәлел келтіруіңізді сұраймын. Олай болмаған жағдайда мен сізді жәй мылжың деп санайтып боламын. Ал, мылжыңдарға Парламентте орын жоқ. Мұсылмандарды қаралап, сезімдерін қорлайтын сөзіңізге дәлел келтірмесеңіз, орныңызды босатуыңызды сұраймын. Себебі, өз сөзіне жауап бере алмайтын адам заң шығарушы биліктің өкілі бола алмайды. Рақмет", — деді ол.
Желі қолданушыларының басым бөлігі депутаттың ойымен келісетінін жазуда.
"Ринаттікі дұрыс, дұрыс жағынан түсінгенге", "Ал егер ол дәлелдесе, сіз не істейсіз?", "Өзің не істедің елге?", "Ринат молодец", Не болса да Ринат шындығын айтты. Барлығына қатысты емес қой әрине, но бар. Астанада мешітке не қиюға барғанда имам көзіме қарап айтты ғой сізден 5000 болады деп неке қиғаны үшін", — деп жазды олар.