Ресей ТЖМ Ил-76 ұшағы Газа секторындағы тұрғындарға 21 тонна гуманитарлық көмекті жеткізеді., оның басым бөлігі дәрі-дәрмек пен азық-түлік. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Гуманитарлық көмек Ресей ТЖМ Александр Куренковтың тапсырмасы бойынша халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымымен ынтақтастық аясында жөнелтілді.
Гуманитарлық көмек Мысыр аумағына жеткізіліп, Қызыл ай қоғамына тапсырылады, делінген хабарламада.