Лауазымды тұлғалар Алматыдағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңге жымқырған

Лауазымды тұлғалар Алматыдағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңге жымқырған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, "Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталған.

"Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 миллиард теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық ісматериалдары сотқа жолданды", — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы метросында жол жүру ақысын биометрия арқылы төлеуге болатыны хабарланды. Бұл — бетті тану технологиясының көмегімен жол ақысын төлеу.