Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Саят Медеуов жол апатына түсіп, бір өлімнен аман қалғанын айтты. |
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “ХабарLike” хабарлайды.
Жақында әнші ірі жол апатынан аман қалған еді. Одан бұрын ата-анасы бірінен соң бірі о дүниелік болды.
“Көлікті негізі қатты жүргіземін. Бірақ қазір барлық жерде камера бар. Қатты жүргізе алмай қалдық. Бірақ мен көлікті қатты жүргізгенімен, өте жақсы жүргіземін. Жол апатына түстім. Осы соңғы бір-екі жылдың көлемінде қатты жол апаты болды. Сол кезде көпшілік "көлікті қатты жүргізесің, соның кесірі" деді. Бірақ ол кезде рөлде отырмаған едім. Көлікте ұйықтап жаттым. Білмей қалдым. Білмей қалғаным да дұрыс болды. Одан кейін қатты қорқып, көлік жүргізе алмай қалуым мүмкін еді", – деді Саят Медеуов
Сонымен қатар әнші қараша айында туған күнінде өткізген шығармашылық кешіндегі олқылықтар туралы да айтты.
“Өзім ғана байқаған “әттеген-ай” деген өкіну көп болды. Бір ай бойы биге барып, екі әнімді де билемей айттым. Сәті түсіп тұрғанымен, дәтім жібермеді. 30 жыл бойы билемеген едім, сол сәтте де билей алмадым. Айқын Төлепберген мен Нұрболат Қанай бауырымыздың әніне би шығарған едік. Одан кейін көрермен қауым 3-4 ән жетпей қалды деді. Әнші екенмін деп концерт бергенде көп ән айтуды қолдамаймын. Халыққа жақын, олардың сүйіп тыңдайтын әндерін ғана айтып едім. Сонда да халық бір қайнауы ішінде деп кетті”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі.
Еске салайық, әнші 50 жас мерейтойында ел алдына жұбайын алып шыққан еді.