Қазақстанның сауда флотында қанша кеме бар?

Каспий теңізінде Қазақстан туын ілген жүк кемелерінің саны белгілі болды.

Депутат Самат Мұсабаев Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту туралы баяндама жасап жатқан министрден қазіргі уақытта Каспий теңізінде Қазақстан туын ілген қанша жүк кемесі барын сұрады.

"Каспий теңізінде Қазақстан туы астында барлығы 18 кеме бар, олардың 13-і "Қазтеңізкөлік флотына" тиесілі, қалғандары жеке компанияларға. Олардың ішінде құрғақ жүк кемелері де, танкерлер де бар. Құрғақ жүк кемелерінің саны бүгінде үшеу", — деп жауап берді Қарабаев.

Сурет: gov.kz