Келесі аптада елімізде ауа-райы күрт суиды

Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 03 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 03-04 желтоқсанда шығыста, 04 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары мен бұрқасын болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман, жел 15-29 м/с, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

04 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының жотасымен суық ауа массаларының енуі күтілуде, бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.

Солтүстік-батыс және солтүстікте түнгі сағаттарда 7-21 градус аязға дейін, ал республиканың орталығы мен шығысында 5-15 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде 0-5 градус аязға дейін шамалы төмендеуі болжанады.

Сурет: ашық дереккөздерден