Қызыл жалын ғимараттың екі қабатын алып кетті.
Семей қаласы Водников көшесі бойындағы екі қабатты жиһаз цехының бірінші қабатында тақтайлар, ағаш үгінділері мен төбе жабыны жанып, от екінші қабаттың төбесіне ауысты.
ТЖМ күштері қысқа мерзімде жалпы ауданы 250 ш.м. өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Сурет: видеодан скриншот