“Түнде жыласа, мені оятпай өзі қарайды“: Фариза Төреәлі күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі балалы болғаннан кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер қызын қырқынан шығарып, ағайындарының басын қосқан еді.

“Қызымызға сапалы, лайық көңіл бөлу үшін екеуіміз кезекпен бағып жатырмыз. Күшті солай жинау керек болып тұр. Әсіресе жолдасым екі-үш күн бойы демалуыма мүмкіндік береді. Өзінің де жұмысы көп бола тұра, аз ұйықтап жүр. Түнде Даратай жыласа, мені оятпай өзі қарайды. Менен артық қолынан жақсы келетінін көргенде Алладан жолдасыма көп сауап тілеймін. Отбасы үшін ғана барымызды жасайық! Сонда жолымыз болады”, – деп жазды блогер.

Сондай-ақ Фариза ана болғалы қалай өзгергенін де айтып берді.

“Әкесі мен қызы оңаша қалғанда мен өз жұмыстарымды жасап аламын. Таңғы 5-те тұрып, кітап оқып, күнделігіме ойларымды түсіремін. Кейде Дара бірге оянады. Емізіп отырып, жүзіне қарап, көңілім босайды. Шүкіршілік толып тұр. Кейде әкесінің қасына жатады. Екеуінің пысылдап ұйықтап жатқанын көргенде жүрегім елжіреп кетеді. Тамсана қарап отырамын. Бақыт деген осы сәттер көріп, сезе білгенге. Бақыт үшін көп нәрсенің қажеті жоқ”, – дейді жас ана.

Еске салайық, Фаризаның төркіні жиендеріне қыз жасауынан кем түспейтін дүние әкелгенін жазған болатынбыз.